Пятница, 19.04.2024, 23:38
Приветствую Вас Гость | RSS

М.Әуезов атындағы орта мектебі Зайсан қаласы

Білім жаңалығы
Категориялары
Жаңалықтар

Мектеп жаңалықтары

Главная » Статьи » Аудан жаңалығы

Айгөлек» ән-би байқауының ІІ туры өтті
Айгөлек» ән-би байқауының ІІ туры өтті

27.02.11 күні Зайсан қаласының аудандық мәдениет үйінде «Айгөлек» ән-би байқауының ІІ туры болып өтті.ІІ турдың тақырыбы - дәстүрлі әндер мен ұлттық билер.Байқауға әділқазылар алқасынан жоғары баға және смс дауыстан жоғары дауыс алған 24 үміткер қатысты.Байқаудың ерекшелігі – байқауды жүргізуші балаларда өз өнерлерін көрсете алды. Байқауға қатысушы үміткерлердің сахналық киімдеріде өз жанрына сай таңдалды.

Жас әншілер «Дедімай-ау», «Угай-ай», «Көзінің мөлдірін-ай», «Гүлдерайым» сияқты дәстүрлі әндерді шырқады.Бишілер тобыда өз өнерлерімен тәнті етті.М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушылары «Қытай биін» биледі.Бидің әуені,бишілердің икемділігі,бидің мағыналылығы өте жоғары бағаланды. Нәзіктік пен күштің үйлесімділігін сипаттаған би көрерменнің көңілінен шықты.Сонымен қатар «Ұшқын» балабақшасының тәрбиеленушілері,Кеңсай орта мектебінен келген мектепалды даярлық тобының оқушыларынан құралған «Балбөбек» тобы,Ю.Гагарин атындағы орта мектебінен «Нұршуақ» тобы, М.Әуезов атындағы орта мектебінен «Алау» топтары да үздік өнер көрсетті. «Айгөлек» ән-би байқауының ½ финалы 13.03.11 күні аудандық мәдениет үйінде өтеді.Жартылай финалдың тақырыбы – патриоттық әндер және еркін тақырыптағы би жанры.Жартылай финалға әділқазылар алқасының жоғары бағасын және ең көп смс дауыс алған үміткерлер өтеді.

Категория: Аудан жаңалығы | Добавил: Auezov (23.03.2011)
Просмотров: 2751 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Ауа райы
Cілтемелер
Валюта курсы
Іздеу
Біздің баннер


Copyright STARSOFT © 2024 - 2010 Все права защищены.