Четверг, 25.04.2024, 20:50
Приветствую Вас Гость | RSS

М.Әуезов атындағы орта мектебі Зайсан қаласы

Білім жаңалығы
Категориялары
Жаңалықтар

Мектеп жаңалықтары

Главная » Статьи » Аудан жаңалығы

Аудандық «Айгөлек» ән-би байқауының жартылай финалы

Аудандық «Айгөлек» ән-би байқауының жартылай финалы

13.03.2011 күні Зайсан қаласының аудандық мәдениет үйінде «Айгөлек» ән-би байқауының ½ финалы болып өтті. 1/2 финалда Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына байланысты – патриоттық  әндер мен еркін тақырыптағы билер орындалды. Байқауға 24 үміткер қатысты. Байқауға қатысушы үміткерлердің сахналық киімдері өз жанрына сай таңдалды.

«Алға қазақ жігіттері» әнін орындаған Қабдыл Нұрсұлтан, «Киелі» әнін орындаған Сейілханов Ақтілек, «Біз бақытты ұланбыз!» әнін орындаған Қадылбек Жібек сынды жас әншілер өз өнерімен көрерменді тәнті етті
Бишілер тобыда үздік өнерімен көпшіліктің ықыласына бөленді. М.Әуезов атындағы орта мектебінен келген «Қыран» тобы «Ламбада» биін өз нақышында орындады. Мағыналы лексикасымен, бишілердің икемділігімен, өте қызықты сюжетімен көзге түскен «Алау» тобы ақтық сынға өтті. Сонымен қатар ақтық сынға:

5-9 жас аралығындағы әншілер:
Мұрат Дәуленов атындағы орта мектептің оқушысы – Сейітханова Әдемі
Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп оқушылары – Болатбекқызы Аружан,
Нұржанова Айдана
5-9 жас аралығындағы би топтары:
«Ұшқын», «Еңлік» топтары
10-14 жас аралығындағы әншілер:
Ю.Гагарин атындағы орта мектептің оқушысы - Қадылбек Жібек
Хафиза Мұстафина атындағы орта мектептің оқушысы - Қабділ Нұрсұлтан
Кеңсай орта мектебінің оқушысы – Ыбыраева Жанерке
Шекарашы орта мектебінің оқушысы – Сейілханов Ақтілек
10-14 жас аралығындағы би топтары:
«Қыран», «Кәусар», «Балдәурен»- топтары өтті.
«Айгөлек» ән-би байқауының ақтық сыны 20.03.2011 күні аудандық мәдениет үйінде өтеді.Байқаудың шарты бойынша әр жас контингенті және жанры бойынша – бас жүлде,
І орын,ІІ орын,ІІІ орын тағайындалады.Байқау шарты бойынша ақтық сын тақырыбы – Шәмші Қалдаяқовтың әндері және еркін тақырыптағы билер.

Категория: Аудан жаңалығы | Добавил: Auezov (30.03.2011)
Просмотров: 3059 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Ауа райы
Cілтемелер
Валюта курсы
Іздеу
Біздің баннер


Copyright STARSOFT © 2024 - 2010 Все права защищены.