Пятница, 19.04.2024, 19:36
Приветствую Вас Гость | RSS

М.Әуезов атындағы орта мектебі Зайсан қаласы

Білім жаңалығы
Категориялары
Жаңалықтар

Мектеп жаңалықтары

Главная » Статьи » Аудан жаңалығы

Баспасөз маслихаты

Баспасөз маслихаты

04.04.2011 жылы аудан әкімшілігінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штабы журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді.

Оған штаб мүшелері, интелегенция өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері, ақсақалдар алқасы, журналистер қатысты.

Баспасөз мәслихатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың төрағасы Б.Қинашев ашып, штаб жұмысына жан-жақты тоқталды.

– 3 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президенттік сайлауы қарсаңында 15 адамнан тұратын қоғамдық штаб құрылып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмысқа ерікті жастардан құрылған 70 еріктілер тартылды. Қоғамдық штаб мүшелері ауданымыздың барлық елдімекенінде болды, - деді штаб төрағасы Б.Қинашев. Және сайлаудың жоғары деңгейде өткізілгендігімен сайлау қорытындысына тоқталды.

Мұнан кейін «Нұр Отан»ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Оралбаев, штаб мүшелері А.В.Дудник, Б.Нұрасыл ой-пікірлерін ортаға салды.

Сондай-ақ сайлау учаскелеріндегі Президенттік сайлаудың өткізілу барысы жайында мектеп директорлары М.Жапарқұлова, Г.Оспанова, Н.Қалибаев сөз алып, сайлаудың ұйымдастырылуының жоғары деңгейде болғандығын айтып өтсе, ақсақалдар Т.Мырзаханов, Б.Жапаров халықтың белсенділігіне көңілдері толғандығын білдірді.

Баспасөз мәслихатында журналистер қойған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Категория: Аудан жаңалығы | Добавил: Auezov (06.04.2011)
Просмотров: 1114 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Ауа райы
Cілтемелер
Валюта курсы
Іздеу
Біздің баннер

Copyright STARSOFT © 2024 - 2010 Все права защищены.