Пятница, 19.04.2024, 01:19
Приветствую Вас Гость | RSS

М.Әуезов атындағы орта мектебі Зайсан қаласы

Білім жаңалығы
Категориялары
Жаңалықтар

Мектеп жаңалықтары

Главная » Статьи » Аудан жаңалығы

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректорымен кездесу

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректорымен кездесу

30.03.2011 күні Зайсан қаласындағы алты мектептің мектеп бітірушілерімен  Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университетінің ректоры – Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы кездесті.Кездесу барысында болашақ түлектерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріліп университеттің инфрақұрылымымен таныстырылып,бейнематериалдар көрсетілді.

Мектеп бітірушілер өздерін толғандырып жүрген мамандық таңдау,университет гранты,университеттің ірі кәсіпорындармен байланысы,университетті бітірген түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы сұрақтарына нақты жауап алып ризашылықтарын білдірді.Кездесу соңында,Нұрлан Мұқанұлы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университетінің мектептің 6-8 сынып оқушыларымен өткізген қашықтық олимпиадасының жүлдегерлерін марапаттады.

Ол марапатқа ие болғандар:
І орын – Ахметай Әділ – М.Ломоносов мектебі
І орын – Тарасова Вероника
ІІ орын – Бақытова Назгүл – М.Дәуленов мектебі
ІІ орын - Әскербекова Ақбота – М.Ломоносов мектебі
ІІ орын - Жігерқызы Нұршырақ – М.Дәуленов мектебі
ІІ орын – Жұмабекова Алтынгүл
ІІ орын – Абиолда Медет
ІІІ орын – Жеңісханұлы Егей
ІІІ орын – Садыкбаев Алишер – М.Ломоносов
ІІІ орын – Жәнібеков Нұржан

 





Категория: Аудан жаңалығы | Добавил: Auezov (06.04.2011)
Просмотров: 1285 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Ауа райы
Cілтемелер
Валюта курсы
Іздеу
Біздің баннер


Copyright STARSOFT © 2024 - 2010 Все права защищены.