Суббота, 20.04.2024, 11:56
Приветствую Вас Гость | RSS

М.Әуезов атындағы орта мектебі Зайсан қаласы

Білім жаңалығы
Категориялары
Жаңалықтар

Мектеп жаңалықтары

Главная » Статьи » Аудан жаңалығы

Ұлыстың үлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Зайсанда мерекелік іс-шаралар өткізілді

Ұлыстың үлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Зайсанда мерекелік іс-шаралар өткізілді

Зайсан ауданында 22 наурыз күні Ұлыстың ұлы күніне арналған халықтық тойлау өткізілді. Орталық алаңда ауылдық округтер мен мекемелер 25 киіз үй тігіп, салт-дәстүрлерден көріністер көрсетті. Оның ішінде: «Жас келінді тәрбиелеу», «Баланы бесікке салу», «Сыңсу», «Тілашар», «Табақ тарту», «Қыз таңдау», «Ер жігітке қойылатын талаптар», «Қыз баланы тәрбиелеу», «Келін түсіру», «Қыз бен жігіт айтысы», «Жарыс қазан», «Неке қию», «Құдаласу», «Жарапазан», «Ақ сүйек», «Алтыбақан», «Аударыспақ», «Балаға бата алдыру» дәстүрлері көрсетілді.
Мерекелік іс-шараларды тамашалауға келгендерге -төрт түлікпен бабаларының жаңа жылды қарсы алу көрініс – шеруі, ұлттық ойындар мен сайыстар, оның ішінде ақсақалдардың бата беру сайысы, жұлдыз жорамалшының халық арасында жұлдызнама таратуы, «Бауырсақ - 2011» сайысы, ертегілер кейіпкерлерінің халықтың арасында ойындар ұйымдастыруы, «Қара жорға» биі, Қазақстан Республикасының әншісі Шаһизаданың концерттік бағдарламасы тарту етілді.
Халыққа наурыз көже таратылып, киіз үйлерде дастархан жайылды. Ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қала тұрғындары арзан көкөніспен ет, сүт өнімдерімен қамтамасыз етілді.
Спорт сүйер қауымға қазақша күрес, қол тіресі, аударыспақ, арқан тарту, бағанаға шығу ұйымдастырылды. Жастардың «Бұлақ көрсең көзін аш!» тазалық акциясының ашылу салтанаты тартымды өткізілді.
Мерекеге 5 мыңға жуық адам қатысты. Бұл күні қала мекемелері, кәсіпкерлер өткізіліп жатқан бұқаралық шараға белсене қатысып, Ұлы мерекенің жоғары деңгейде өткізілуіне ат салысты. Бұл шара - ауданымыздың береке бірлігін көрсеткен мереке болды.



Категория: Аудан жаңалығы | Добавил: Auezov (25.03.2011)
Просмотров: 1754 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Ауа райы
Cілтемелер
Валюта курсы
Іздеу
Біздің баннер


Copyright STARSOFT © 2024 - 2010 Все права защищены.