Четверг, 25.04.2024, 16:38
Приветствую Вас Гость | RSS

М.Әуезов атындағы орта мектебі Зайсан қаласы

Білім жаңалығы
Категориялары
Жаңалықтар

Мектеп жаңалықтары

Главная » Статьи » Аудан жаңалығы

Сайлауға байланысты Жеңіс Форумы өтті

Сайлауға байланысты Жеңіс Форумы өтті

4 сәуір күні Зайсан ауданында «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалының жанындағы қоғамдық штабының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кезектен тыс сайлауына байланысты Жеңіс Форумы өтті.

Форумға «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының жанындағы қоғамдық штабының мүшелері, аудандық маслихат депутаттары, саяси партиялар, қоғамдық бірлестік, кәсіподақ ұйымдарының мүшелері, БАҚ өкілдері, ардагерлер, кандидаттың сенімді өкілдері, «Жас Отан» Жастар Қанатының мүшелері, жастар ұйымы өкілдері және Зайсан ауданының тұрғындары, барлығы 3 мыңға жуық аудан тұрғындары қатысты. Бұл күні Зайсан қаласының 5 мектебінен «Біз Елбасымен біргеміз» ұранымен 5 бағытта қала көшелерімен жастардың шеруі жүріп өтіп, жастар орталық алаңға жиналды. Форумда «Нұр Отан» ХДП -ның сайлау алды штабының салтанатты митингісі, Зайсан халқының атынан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты жеңіспен құттықтау телеграммасының мәтінін қабылдау рәсімі, жалғыз басты қамқорлыққа алынған қарт адамдарға сыйлықтар беру, аудандық «Айгөлек» байқауының жеңімпаздарының мерекелік концерті, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына - 20 мың түп ағаш егу акциясының ашылу салтанаты, халықтық тойлау, спорттық ойындар, арзандатылған бағамен ауылшаруашылық өнімдерінің сауда жәрмеңкесі ұйымдастырылып, «Жас сайлаушы», «Белсенді дауыс беруші», номинацияларымен сыйлықтар табысталып, 20 сенімді өкілдер мен белсенді насихаттаушылар марапатталды. Соңынан «Елбасымен біргеміз» атты жастар акциясы ән-бимен көмкеріліп, аудан тұрғындарына қуанышты көңіл-күй сыйлады.

Категория: Аудан жаңалығы | Добавил: Auezov (06.04.2011)
Просмотров: 1151 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Ауа райы
Cілтемелер
Валюта курсы
Іздеу
Біздің баннер


Copyright STARSOFT © 2024 - 2010 Все права защищены.