Четверг, 28.03.2024, 14:22
Приветствую Вас Гость | RSS

М.Әуезов атындағы орта мектебі Зайсан қаласы

Білім жаңалығы
Категориялары
Жаңалықтар

Мектеп жаңалықтары

Главная » Статьи » Аудан жаңалығы

«Тәуелсіздік тұғырым, туған елім Зайсаным» атты мекеме аралық байқау

«Тәуелсіздік тұғырым, туған елім Зайсаным» атты мекеме аралық байқау

29 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тұғырым, туған елім Зайсаным» атты мекеме аралық байқаудың бірінші қатысушылары «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің көркемөнерпаздарының концертті өтті. Бұл байқау тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеу аясына арналған.

Байқаудың басты мақсаттарының бірі мекеме ұжымының тәуелсіздіктің 20 жылдығына келген жетістіктерің паш ету болса, екіншісі ол «Ел іші-өнер кеніші»- дегендей өнерлі ұжым қызметкерлерің халыққа танытып, мерейлерің үстем ету . Байқаудың мақсаты орындалды. Аталмыш мекеме ұжымы еңбекте қаңдай биік жетістіктерге жетсе, өнерден де қапы қалмағандарын көрсете білді.  1 сағат 20 минутқа созылған концерттік бағдарлама биік деңгейде қойылды.

Ағымды жылдың қазан айында бұл ұжым өзінің құрылғанына 20 жылдығын атап өтпек. Әрқашанда ұжым, ұжым басшысына еңбектері табысты болсын дегіміз келеді.    
Көркемдік жетекшісі Жетпісбаева Г. және ұйымдастырушысы Түстікбаев Б. Т еңбектерін ерекше атап өту керек. Концертке қатысқан Слямғалиев Қуаныш, Торпақов Руслан, Тобықбаев Тұрсын, Саханов Дәулет, Қожамұратоы Ринат, Қарымбаева Айгүл, Сатханов Ерлан, Тоқтаров Сайлау Инсенов Жасұлан, Типеева Гүлнүр, Бидахметова Б, Мусанов А.,. өнерлеріне көрермен риза болып, жайдары көңілмен тарқасты.

 

Аудандық мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі

Категория: Аудан жаңалығы | Добавил: Auezov (06.04.2011)
Просмотров: 2298 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Ауа райы
Cілтемелер
Валюта курсы
Іздеу
Біздің баннер


Copyright STARSOFT © 2024 - 2010 Все права защищены.