Пятница, 26.04.2024, 06:21
Приветствую Вас Гость | RSS

М.Әуезов атындағы орта мектебі Зайсан қаласы

Білім жаңалығы
Категориялары
Жаңалықтар

Мектеп жаңалықтары

Главная » Статьи » Аудан жаңалығы

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында Зайсан ауданында волейболдан ұлдар арасында аудандық біріншілігі өтті

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында Зайсан ауданында волейболдан ұлдар арасында аудандық біріншілігі өтті

-Елбасы биылғы өзінің халыққа арнаған Жолдауында «Қазақстандықтардың кемінде 30 пайызын бұқаралық спортқа тартуымыз керек» деген ой айтқан болатын.

Республика Президентінің Қазақстан-2030 даму стратегиялық бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, мақсаттында 2010-2011 оқу жылында аудандық білім бөлімі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен  бірлесе  жұмыс атқаруда.

Осыған байланысты 26 наурыз күні Зайсан қаласында  волейболдан ұлдар командасы арасында ауданның ашық біріншілігіөткізілді. Бұл жарыстың мақсаты Зайсан ауданының волейболдан ұлдар командасын іріктеу мақсатында ұйымдастырылды. Осы жарысқа көршілес аудандарымыз шақырылды.  Ауа райының қолайсыздығына байланысты  Күршім, Катон-Қарағай, Көкбекті, Жарма, Өскемен қаласының командалары келе алмады.

Жарысқа ауданымыздың сегіз командасы және Тарбағатай ауданының командасы қатысты. Ойын тартымды, қызықты өтті. Ойын  жеребе тарту арқылы екі залға бөлініп, ломоносов, Мәдениет үйінің спорт залдарында өтті. Ломоносов мектебінде  Сартерек, Жалши, Тарбағатай, Шілікті, Сайхан командалары өз ара ойнаса, Мәдениет үйінің спорт залында Айнабұлақ, Тасбастау, Қаратал, Қарабұлақ командалары күш сынасты.  Ломоносов мектебінде ойнаған группалардың ішінен Шілікті, Тарбағатай командалары топты жарып, жартылай финалға жолдама алса, Мәдениет үйінің спорт залында Айнабұлақ, Қаратал командалары алдыға шығып, жартылай  финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Айнабұлақ командасымен Табағатай командалары күш сынасып 2:1  есебімен Тарбағатай командасы жеңді. Шілікті командасымен  Қаратал командалары күш сынасып 2:0 есебімен Шілікті командасы финалға шықты. Финалда Тарбағатай командасымен Шілікті командалары күш сынасып 2:1 есебімен Тарбағатамй командасы ауданның ашық біріншілігінің жүлдегерлері атапды. Осы жарыстың үшінші орынына Айнабұлақ командасымен Қаратал командалары ойнап, 2:0 есебімен Айнабұлақ командасы жеңіске жетті. Жалпы ойын бойынша І орынды Тарбағатай командасы, ІІ орынды Шілікті командасы, ІІІ орынды Айнабұлақ командасы жеңіп алды. Жарыстың аяқталуын, марапаттау рәсімін  ауданымыздың дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

 

Категория: Аудан жаңалығы | Добавил: Auezov (30.03.2011)
Просмотров: 1719 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Ауа райы
Cілтемелер
Валюта курсы
Іздеу
Біздің баннер


Copyright STARSOFT © 2024 - 2010 Все права защищены.