Четверг, 28.03.2024, 20:36
Приветствую Вас Гость | RSS

М.Әуезов атындағы орта мектебі Зайсан қаласы

Білім жаңалығы
Категориялары
Жаңалықтар

Мектеп жаңалықтары

Главная » Статьи » Аудан жаңалығы

Зайсан жұртшылығы назарына «Екі жұлдыз» жұптық сайысының екінші маусымы басталды

Зайсан жұртшылығы назарына «Екі жұлдыз» жұптық сайысының екінші маусымы басталды

2011 жылдың 4-шы наурызда аудандық мәдениет үйінде аудан өнерпаздарының қатысуымен «Екі жұлдыз» жұптық сайысының екінші маусымы басталды. Бұл жоба ауданда екінші рет өткізіліп отыр. 2009 жылы бастау алған жоба аудан жұртшылық арасында сүйікті жоба бола білді. Жобаның ұйымдастырушысы аудандық мәдениет үйінің қызметкері Анар Донбаеваның еңбегін ерекше айтуға болады.

Жобаға 12 жұп қатысып өз ара бақ сынасты. Сайыстың негізгі мақсаты жастарды өнерге баулып, таланттарын дәріптеу. Сайысқа мекеме, ауылдық мәдени қызметкерлері қатысты. 1-ші кезенде сайыскерлер өз дауыстарының ерекшіліктерін көрсету үшін халық арасында кең тараған, халық әндерімен, лирикалық әндерді көрермен назарына ұсынды.Сайыстың барысында білікті музыкалық сауаты бар адамдар әділ қазылар алқасында төрелік етті.Сонымен қатар көрермендер өз жүректері қалаған әнші жұптарға дауыстарын берді.

Көрермендердің ықыласына «Бал-бала» әнімен Жәмила Анаева және Қалиев Ермек, «Аяулым» әнімен Балшабеков мерей және Абдығалиева Гүлшат, «Асыл жарым» әнімен Әбенов Дәурен және Бекшойынова Арай көзге түсіп қошеметке ие болды. Төленова Ғалия және Солтан Шәріпұлы Ш. Қалдаяқовтың «Қайықта» әнің шырқағанда көрермендердің көңілі бір көтеріліп қалды. Жобаның 2-ші кезеңі 18 наурызда жалғасын табады.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

 

Категория: Аудан жаңалығы | Добавил: Auezov (23.03.2011)
Просмотров: 982 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Ауа райы
Cілтемелер
Валюта курсы
Іздеу
Біздің баннер


Copyright STARSOFT © 2024 - 2010 Все права защищены.