Реферат Шииттердің сүнниттерден айырмашылығы неде? - 23 Марта 2011 - Шығармалар - М.Әуезов атындағы орта мектебі Зайсан қаласы
Понедельник, 05.12.2016, 18:27
Приветствую Вас Гость | RSS

М.Әуезов атындағы орта мектебі Зайсан қаласы

Білім жаңалығы
Жаңалықтар

Шығармалар

Главная » 2011 » Март » 23 » Реферат Шииттердің сүнниттерден айырмашылығы неде?
22:53
Реферат Шииттердің сүнниттерден айырмашылығы неде?

                                                                       Шииттердің сүнниттерден айырмашылығы неде?

 

Сүнниттер мен шииттердің арасындағы күрделі мәселе жайында Қазақстан баспасөзінде көп айтыла бермейді. Биліктің маңайындағы топтарға Қазақстандағы мұсылман қоғамының біртұтастығы қымбатырақ. Ал, сүнниттер мен шейіттердің бір-бірінен не айырмашылығы бар?

Әлемдегі мұсылмандардың басым бөлігін сүнниттер құрайды. Ислам мен басқа діндер және олардың жақтастарының арасындағы жек көрушіліктен гөрі исламның өз ішіндегі қауымдардың бірімен-бірі қырғи-қабақтығы күштірек. Кейбір елдерде сүнниттер мен шииттер арасындағы теологиялық және мәдени екі түрлілік қақтығысқа апарып соғып жатады.

Лондонда шығатын «Джейн» журналы шииттер Әзірбайжанда, Иранда және Бахрейнде көп деп жазады. Сауд Арабиясында 10 пайыз ғана шииттер  бар.

Ауғанстан, Пәкістан, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктерінде негізінен сүнниттер тұрады. Бір миллиардтан астам халқы бар Үндістандағы мұсылмандардың басым көпшілігі сүнниттер қауымына тиесілі.

МӘСЕЛЕНІҢ ТҮП-ТӨРКІНІ

Біздің дәуіріміздің 632 жылында Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткеннен кейін кім мұрагер болу керек деген мәселе бойынша оның ізбасарларының арасында келіспеушілік туындады. Мұрагерді Халифаттан алынған келісім арқылы сайлау керек дегендер сүнниттер атанып кетті.

Азшылық Мұхаммед пайғамбардың мұрагері етіп оның тұқымынан шыққан адамды сайлауды жөн көрді. Олар пайғамбардың немере ағайыны Әлиді өздерінің имамы етіп сайлады. Осы азшылық Шиит Әли деген атпен, яғни, имам Әлиді қолдайтын топ ретінде белгілі болды.

680 жылы Ирақтағы Кербалада Әли имамның ұлы Хусейінді сүнниттер өлтіріп, бұл оқиға сүнниттер мен шейіттердің арасындағы араздықты одан сайын күшейтіп жіберді.

Шииттік және сүнниттік ислам арасындағы қайшылық Исламдық заңның барлық Ирақтағы мұсылман шейт әйелдер жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үндеген ұрандардың жанында тұр. Ән-Нажаф, 21 маусым 2007 жыл.

тұстарынан көрініс табады. Елеулі де ықпалды Ирақтағы мұсылман шейт әйелдер жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үндеген ұрандардың жанында тұр. Ән-Нажаф, 21 маусым 2007 жыл.мұсылман халқы бар елдерде ол

қайшылық мемлекеттік заңдарға, әсіресе отбасы мен қоғамға қатысты заңдарға ықпал етеді. Пікірталас, дау-жанжал былай тұрсын, билікті сақтап қалып, өз діни көзқарастарына үстемдік еткізу үшін билеуші топ тарапынан басталатын қуғын-сүргінге апарып соғып жатады.

НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІК

Исламдық заңдар жинағы, сүнниттер мен шейіттердің тәжірибесіне қатыссыз, хадистерге (Пайғамбардың айтқандарына), жиясқа (ұқсас, балама) және «ижтихад» (жеке ой түйін) ұғымына арқа сүйей отырып, Құран мен сүннаға (Мұхаммед пайғамбардың әдеттеріне) негізделген.

Ислам заңы (шариғат) бастауын осылардан алады. Ол жүйеленбейді, тек білікті адамдардың кеңесінде (улемде) талданады. Ислам заңын талдаудың қайнар көзі шиит Исламы мен сүннит Исламының арасына ешқандай айырым қоймайды. Екі ағым арасындағы қайшылық хадистерді әртүрлі түсінуден туындайды.

Шииттер өз талдауына имамдардың айтқандарын қосады. Шииттік Исламда имам тек намазға жетекшілік етуші ғана емес, сонымен қатар әулиелік білім мен даусыз бедел иесі болып табылады. Олардың сүнниттерден ең басты айырмашылығы да осында.

НЕКЕ МӘСЕЛЕСІ

Ислам заңы – шариғатты талдауда екі ағым арасындағы айырма тіптен тереңге кетті. Осы қайшылық британдық «Джейн» журналы жазғандай, Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыста жиі-жиі зорлық-зомбылыққа апарып соғып жатады.

Ирақтың Киркук қаласындағы сүннит мұсылмандары мешітінің жанында бомба қойылған автокөлік жарылысынан кейінгі көрініс. 12 мамыр 2009 жыл.

Бұл аймақта орналасқан елдерде Исламның негізгі ағымдарының қай-қайсысы болсын, билік құрған кезде исламдық заңға әсерін тигізетін мәселелер туындаған. Мәселен, күйеуі жарияласа болды, неке бұзылды деп саналатын тәртіпті шииттер мойындамайды. Ал, сүнниттер шииттердің уақытша некеге тұру дәстүрін жаратпайды.

2005 жылы Үндістанда Бүкілүнділік мұсылман кеңесі шығарған тұрмыс құру, ажырасу және мұра қалдыруға қатысты өкімге бағынудан бас тартты. Шииттер құрамы негізінен сүнниттерден тұратын Кеңес шешім шығару барысында көбіне неке мәселесінің сүнниттік бағыттағы талдауын басшылыққа алған деп мәлімдеді.

ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТЫҢ ӨРШУІ

1979 жылғы Иран төңкерісі Парсы шығанағы мен Пәкістанда шииттердің ықпалын күшейтеді деген алаңдаушылық туғызды.

Британдық «Джейн» журналы Құранды қатқыл ұстанатын уахабшылардың дінсіздерге, әсіресе олар мүшриктер деп санайтын шииттерге қарсы шара қолдануға шақыратынын басты назарға алады.

Сауд Арабиясы исламдық мектептер – медресе жүйесін кеңейту арқылы шииттердің ықпалына қарсы тұру мақсатында сүнниттік доктринаға белсенді түрде қолдау көрсетті. Сол мақсатта пәкістандық президент Мұхаммед Зия уль-Хақ секілді көптеген басшыларға молынан субсидиялар берді. Саудтықтар әлгі мектептерді сүнниттік исламның сүйкімін арттырсын және дінді уахабтық бағытта талдауға қолдау көрсетсін деген ниетпен салды.

Пәкістандық тәлібтердің өкілі Азам Тариктың (ортада) Оңтүстік Уәзірстандағы беймәлім жерде пәкістандық журналистермен кездесіп отырған сәті. 18 қараша 2009 жыл.

Атқарылған шаралардың нәтижесі бірден көзге көрінді. Қарқындап өскен сүнниттік радикализм Ауғанстандағы советтік басқыншылыққа қарсы қозғалысқа жауынгер жинауға септесті. Соңыра бұл жайт «Талибан» қозғалысы мен Усама бен Ладеннің жақтастарының белсенділігін өршітті.

АРАЗДЫҚТЫ ТОҚТАТУ

Иракта оң нышандар байқалуда. Саддам Хусейннің билігі кезінде сүнниттік азшылық (Саддамның өзі де осы топтан шыққан) ерекше артықшылықтарға ие болатын. Бұл жайт елде бұған дейін де талай рет қудалау, қуғын-сүргін көрген шииттердің наразылығын одан сайын күшейтті.

Британдық «Джейн» журналы бүгінгі Ирактың діни араздықты тоқтату жағынан өзіндік бір сынақтан өтіп жатқанын айтады. Яғни, діни көпшілік ретінде шииттер ел басқаруда демократияның батыстық жолын қолдануға тырысып бағуда.

Сондықтан, мемлекет басшылары сүнниттік те, шииттік те – екі қауым да қатар қызмет етіп, бірімен-бірі бейбіт өмір сүретіндей жол іздестіру қажеттілігін сезінуде.

Просмотров: 1277 | Добавил: Auezov | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Ауа райы
Cілтемелер
Валюта курсы
Іздеу
Біздің баннер


Copyright STARSOFT © 2016 - 2010 Все права защищены.