ММ "М Әуезов атындағы орта мектебі"
Зайсан қаласы, 493510 Бөгенбай көшесі, 39, тел.: (72340) 21812
Мектеп туралы:
Біздің
мектеп қаланың күншығыс жағында Жеменей өзенінің бойында орналасқан, үш
қанаттап салынған үш қабатты зәулім үй. Ол Зайсан ауданындағы аты әйгілі
Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі.
Тарихына тоқталсақ:
<<...1913
жылы қаладағы мешіттің бір бөлмесінде 30-ға жуық бала оқыды. Бұл мектеп
бірінші дәрежелі делініп, қазақтың тұңғыш педагогы Алтынсарин жүйесінде
құрылды. Тұңғыш мұғалім Тайыр Жомартбаев әліппе, арифметика, құраннан
дәріс берді.
1920 жылы Зайсанда Кеңес өкіметі орнап, арнайы педагогикалық курс
ашылды. Оны алғашқы бітіргендердің бірі - Жүсіпхан Сәрсенов еді, ол
мектепті ұзақ жыл басқарды. Көп жылғы еңбегі үшін " Қазақ ССР-іне еңбегі
сіңген мұғалім " атағына ие болды. 1933 жылдан бастап білім ордасы
орталау мектепке айналды, оқушы саны 300-ге жетті. 1939 жылдан бастап
орта мектеп болып құрылды. 1962 жылы білім ордасына Мұхтар Әуезов есімі
берілді >