удан мектептерінде мемлекеттік аралық бақылау өтті
18 - наурыз күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің 2011жылғы 10 қаңтардағы № 5 бұйрығы негізінде
ауданның 25 мектебінде 4,9 сыныптар үшін мемлекеттік аралық бақылау
өтті. Мемлекеттік аралық бақылау мектептерде құрылған мемлекеттік
комиссия мен министрлік өкілінің бақылауында өткізілді. МАБ-ға 4
сыныптар бойынша 674 оқушыдан 656 қатысып, орташа балл-19 көрсетті, бұл
90 % сапа, 9 сыныптар бойынша 677 оқушыдан 655 қатысып, орташа балл-68
құрады, бұл 75,6% сапаны көрсетті. 4 сыныптар бойынша 18 бала, 9
сыныптардан 22 бала денсаулығына байланысты МАБ-ға қатысқан жоқ.
|